Ұлттық құрылтай

"Қаңтардың 19–20 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Президент бұл маңызды жиында елдің даму бағдарына қатысты стратегиялық ойларын ортаға салып, қоғамдағы өзекті мәселелерге нақты тоқталды. Ұлттық құрылтайдың халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңы екенін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев бірлік, жауапкершілік және әділеттілік қағидаттарының ел болашағы үшін айрықша маңызын айтты. Құрылтайда көтерілген бастамалар мен ұсыныстар мемлекет дамуына серпін беріп, қоғамның өзара түсіністігін нығайтуға бағытталған. Бұл жиын – ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың ойы тоғысқан, ортақ мақсатқа жұмылдырған маңызды алаң. Ұлттық құрылтайда айтылған әрбір ой мен ұсыныс Қазақстанның жарқын болашағына қызмет етеді.


