Stop bullying

"Самал санаториялық балабақшасында буллингтің алдын алу бойынша кездесу өтті Самал санаториялық балабақшасында педагогтарға арналған буллингтің алдын алу және оның салдары туралы маңызды ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге ІІМ Басқару академиясы ҒЗИ-дың Орталық бастығы, полиция полковнигі Қарабеков Қанатбек Өмірзақұлы және ІІМ Басқару академиясы жалпы даярлық кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Баймұханов Ербақыт Мұхаметқалиұлы қатысып, буллинг ұғымы, оның түрлері, балалар психологиясына тигізетін әсері және алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында педагогтарға білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, буллинг белгілерін ерте анықтау және тиісті әрекет ету жолдары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, тәжірибелік кеңестермен бөлісті. Мұндай кездесулер педагогтардың кәсіби біліктілігін арттырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.