Балабақша туралы

Балабақша — мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме.

Балабақшаның  жобалық қуаты – 220 орын,  190 баламен 11 топ жұмыс жасайды Балабақша мемлекеттік  тілде және орыс тілдерінде  оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді.


Мақсаты

• Балалардың жан-жақты дамуына бағытталған сапалы білім беру процесін ұйымдастыру
• Тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыру және қолдау
• Ата-аналармен тиімді серіктестік орнату
• Инновациялық және цифрлық технологияларды білім беру үрдісіне енгізу
• Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау.

Міндеттері

1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру
2. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай дамытушы орта құру
3. Педагогикалық ұжымның кәсіби дамуына жағдай жасау
4. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту шараларын жүзеге асыру
5. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, ашық әрі сенімді қарым-қатынас қалыптастыру
6. Білім сапасын үнемі талдау және жетілдіру
7. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу