
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
№46 “Самал” санаторлық балабақшасы КММ балалар туб,қатынасты, туб.виражды деген диагнозбен келетіндіктен, санаторлық деп аталады.
Балабақшада 11 топ бар: 10 топ қазақ тілінде, 1 топ орыс тілінде тәрбие алуда.
Балабақшада спорт залы, медициналық кабинет, соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған музыка залы жұмыс жасайды.
Ұжымда білікті де, білімді тәрбиешілермен қатар балалар дәрігері, әуен жетекшілері, спорт нұсқаушылары, қазақ тіл педагогы және психолог қызмет атқарады.
Санаторлық балабақшаның негізгі міндеттері:
1) туберкулезбен ауыратын балалар, туберкулезбен ауыратын ата-аналарымен байланыстағы балалар, туберкулездік вираж бойынша есепке тіркелген балаларды сауықтыру және профилактикалау;
2) балалардың рухани және дене мүмкіндіктерін ашу;
3) адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негізін қалыптастыру;
4) азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, тұлғаның отбасының, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы өз құқығы мен міндеттерін сездіруге тәрбиелеу;
5) баланы жан-жақты дамыту, олардың даралық, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру үшін өз мәдениетінің қайнар көзін, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге баулу үшін жағдай жасау
6) балалардың қабілетін толық ашуды, олардың танымдық, дене шынықтыру және шығармашылық белсенділігін ынталандыратын қажеттіліктерін іске асыру;
7) тұлғалық-бағдарлық қарым-қатынас қағидаларына өмірлік іс-әрекеті-нің қажетті дағдысын тәрбиелеу;
8) жаңа нысандар мен әдістер іздестіру ортасын құру.
«Тәннің күшті болуы да, елдің күшті болуы да – екеуі де тәрбиемен. Тәрбиесіз тән қандай азса, тәрбиесіз ел де сондай азбақ»
Ахмет Байтұрсынұлы
Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсаты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Әкелер мектебі» мен «Аналар мектебі» ашу туралы бұйрық
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары
«Ата-Аналар мектебінің» жұмыс жоспары
«Ата-Аналар мектебінің» құрамы
