"Көгершін" мектепалды тобы
Мақсаты: Балабақша түлектерін мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырып, олардың бойындағы оқуға деген қызығушылықты ояту және жаңа ортаға бейімделуіне жан-жақты қолдау көрсету.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – устаздарымыздын шығармашылық қабілеттерін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық өнерді дәріптеу.
Кеш барысында қатысушылар әсем әндер шырқап, күмбірлеген күй орындады. Әрбір өнерпаз өз шеберлігін көрсетіп, сахна мәдениетін меңгеруге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, іс-шара достық пен ынтымақтастықты нығайтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
"Көгершін" мектепалды тобы
Мақсаты: Балабақша түлектерін мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырып, олардың бойындағы оқуға деген қызығушылықты ояту және жаңа ортаға бейімделуіне жан-жақты қолдау көрсету.
Бастауыш сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтетін спорттық-экологиялық іс-шара.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық ойындар арқылы балалардың дене белсенділігін арттыру, салт-дәстүрге деген қызығушылығын қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын дамыту. Бағдарлама аясында «Арқан тарту», «Асық ату», «Қаппен секіру» сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, балалардың ептілігі, жылдамдығы мен командалық рухы дамытылады.
«Aлтын балық» ересек тобы
Мақсаты: Балаларға ғарыш, ғарышкерлер туралы бастапқы түсінік беру. Ғарышкерлер күні туралы мағлұмат қалыптастыру. Балалардың ой-өрісін, қиялын дамыту, сөздік қорын байыту және танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиеші: Кожабекова Александра Ергалиевна.
Балабақшамен қоштасуға небәрі екі ай қалды…
Сендермен бірге өткізген әр күніміз — қуанышқа, шаттыққа, шынайы күлкіге толы болды. Әрқайсыларың жүрегімізден ерекше орын алдыңдар
Алда сендерді үлкен өмірдің жаңа баспалдағы — мектеп күтіп тұр. Біз сендерге тек сәттілік, білімге құштарлық, биік армандар тілейміз! Әрқашан алғыр, тәрбиелі, мейірімді болып өсіңдер.
Біз сендерді мақтан тұтамыз және әрдайым сағынышпен еске аламыз…
Сендер — біздің ең жарқын естелігіміз
2026 жылдың 10 сәуір күні №46 «Самал» санаториялық балабақшасында «Салауатты ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті. Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы озық тәжірибелермен бөлісу болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, денсаулық сақтау технологиялары, қызықты шеберлік сағаттары мен тәжірибелік жұмыстар ұсынылды. Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.
"Көгершін" мектепалды тобы
"Шұғыла" ортаңғы тобы
“Қызғалдақ” мектепалды даярлық тобы
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер күні туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің ерлігі жайлы айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру.
