«Наурыз» мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарада “Алдар көсе мен бай” хикаясынан үзінді сахналанып, көрерменге терең ой салды “Қызғалдақ” тобының тәрбиеленушілері кейіпкерлер бейнесін шынайы сомдап, сараңдықтың адамды абыройдан айыратын жағымсыз қасиет екенін әсерлі жеткізе білді.
Алдар көсе рөліндегі Қанатұлы Бейбарс тапқырлығымен көзге түссе, Бай рөліндегі Жайық Нұрхан мен Бәйбіше рөліндегі Альдиева Мадина өз образдарын нанымды көрсетті.
Бұл көрініс арқылы балалар жомарттық, адалдық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттердің маңызын ұғына түсті.

“Айгөлек” кіші тобы
Астана қаласындағы «Жастар сарайында» өткен «Бақытты балалық шақ әуендері» жобасына белсене қатысып, ҚР Композиторлар одағының мүшесі Гүләйім Жотаеваның авторлық тележобасы аясында ұйымдастырылған балалар әндері концертінде үздік өнер көрсеткен «Самал» тобының «Балдырғандар» әні №46 «Самал» балабақшасы «Балапан SAZ» балалар мен жасөспірімдер каналынан.
Мектепалды топтары арасында өткен “Ұлыстың ұлы күні - Наурыз“ мерекесіне орай ұйымдастырылған ертеңгілікте “Айтыс” – ұлттық өнерімізді ұлықтаған ерекше шара болды “Қызғалдақ” тобының тәрбиеленушісі Жайық Нұрхан мен “Арай” тобының тәрбиеленушісі Қуаныш Медина өз өнерлерін ортаға салып, сөз тапқырлығымен, тапқыр ойларымен көрерменді тәнті етті. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне музыкалық жетекші: Қожабаева Нагима Тоқсанбаева және тәрбиешілер: Байтугелова Гаухар Ергалиевна, Искакова Армангүль Агабаевнаның еңбегі зор.
“Қызғалдақ” мектепалды тобы
Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Ұлттық киім күні – әр халықтың дәстүрлі киімін дәріптейтін, мәдени мұраны насихаттайтын ерекше күн. Бұл күні адамдар өз ұлтының ұлттық киімін киіп, оның тарихы мен маңызын көрсетеді.