Ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін ерекше күн – Көрісу күні. “Арай” мектепалды тобының тәрбиешісі Искакова Армангуль Агабаевна, тәрбтеленушілері, ата-аналарымен осы дәстүрді насихаттайтын тағылымды шара ұйымдастырды.
Балалар үлкендермен көрісіп, ізгі тілектер айтып, халқымыздың салт-дәстүрінің мәнін түсінді. Бұл мереке бірлік пен сыйластықтың, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің жарқын үлгісін көрсетті.

“Қызғалдақ” мектепалды тобы
Бүгін ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін ерекше күн – Көрісу күні. Осыған орай “Қызғалдақ” мектепалды тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналары көрісу дәстүрін насихаттайтын тағылымды шара ұйымдастырды.
Бұл күннің ең басты мақсаты — өкпе-ренішті ұмытып, араздыққа нүкте қою. Адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасу арқылы арадағы сыйластықты нығайтады. "Бір жасыңмен!" деп тілек айту — бір жылды аман-есен өткеріп, жаңа жылға бірге аяқ басқанына қуанудың белгісі. 
“Арай” мектепалды тобы