
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Күздің берекелі мезгіліне арналған «Сабан той - береке мен молшылық мерекес!» атты мерекелік шара өтті.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, балаларға күзгі еңбек пен молшылықтың қадірін таныту мақсатында ұйымдастырылған шараға ата-аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Ата-аналардың қолдауымен мерекелік безендіру жұмыстары жүргізіліп, балаларға арналған түрлі ұлттық ойындар, қызықты сайыстар мен шығармашылық көріністер ұйымдастырылды.
Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, ұлттық ойындарға белсене қатысты.
Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы – бала тәрбиесіндегі маңызды қадам. Осындай бірлескен іс-шаралар балалардың бойына ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті, еңбекқорлықты, ұйымшылдық пен табиғатты сүю сезімін қалыптастырады.
