Мақсаты мен міндеттері

Балабақша ұжымының басты мақсаты:

Бала өмірі мен денсаулығын сақтау және нығайту, қазіргі заман ағымына сай жан-жақты дамыған, ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңірген иманды да, ибалы ұрпақ тәрбиелеу, баланы мектепке дайындау. Сонымен қоса ең басты  мақсатымыз   емдiк- алдын алу шаралардың өткiзу, балаларда әр түрлі  ауру  салдарының  дамуынан сақтау, баланың толық сауығуы көзделген.


Санаторлық  балабақшаның  негізгі міндеттері:

1) туберкулезбен ауыратын балалар, туберкулезбен ауыратын ата-аналарымен байланыстағы балалар, туберкулездік вираж бойынша есепке тіркелген балаларды сауықтыру және профилактикалу;

2) балалардың рухани және дене мүмкіндіктерін ашу;

3) адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негізін қалыптастыру;

4) азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, тұлғаның отбасының, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы өз құқығы мен міндеттерін сездіруге тәрбиелеу;

5) баланы жан-жақты дамыту, олардың даралық, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру үшін өз мәдениетінің қайнар көзін, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге баулу үшін жағдай жасау

6) балалардың қабілетін толық ашуды, олардың танымдық, дене шынықтыру және шығармашылық белсенділігін ынталандыратын қажеттіліктерін іске асыру;

7) тұлғалық-бағдарлық қарым-қатынас қағидаларына өмірлік іс-әрекеті-нің қажетті дағдысын тәрбиелеу;

8) жаңа нысандар мен әдістер іздестіру ортасын құру.