“Айгөлек” кіші тобы
Менің Анам менің жұмағым.
Рахмет саған, анашым, мейірімің мен жылуың үшін,
Шексіз махаббатың үшін алғыс айтам.
Сені берген Аллаға шүкір етемін,
Бар екеніңе рахмет, жан анам!
Аяулы аналарымыз! “Қызғалдақ” мектепалды тобының жүректері сіздерге деген шексіз махаббат пен алғысын білдіреді. Ана – әр баланың өміріндегі ең мейірімді жан, жүрегінің шуағы, тіршілігінің тірегі. Сіздің ақ сүтіңіз бен ақ тілегіңіз – бала бақытының бастауы.
Біздің балапандарымыз сіздерге арнап жылы сөздерін, әні мен биін, жүрекжарды алғысын дайындап қойды. Әрбір кішкентай жүректе анасына деген шынайы махаббат бар.
Сіздерді “Ана - аса қымбат жан” атты мерекелік ертеңгілігімізге шақырамыз!
Балаларыңыздың қуанышын бірге бөлісіп, мейірім мен шаттыққа толы сәттің куәсі болыңыздар.
Күні: 06.03.2026 ж., уақыты: 10:15
Өтетін орны: “Самал” балабақшасы
“Айгөлек” кіші тобы
Менің Анам менің жұмағым.
Рахмет саған, анашым, мейірімің мен жылуың үшін,
Шексіз махаббатың үшін алғыс айтам.
Сені берген Аллаға шүкір етемін,
Бар екеніңе рахмет, жан анам!
“Қызғалдақ” мектепалды тәрбиеленушілері көктемнің алғашқы күні “Алғыс айту” күнімен құттықтайды!
"Балдәурен" ересек тобы
Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні құтты болсын!
Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз.
Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмайды.
Балаларға 1 наурыз — "Алғыс айту күні" туралы түсінік бере отырып, оларды мейірімділікке, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауға және кез келген жақсылықты бағалай білуге баулу. Өзара сыйластық пен ризашылық сезімдерін дамыту, "рақмет" айту мәдениетін қалыптастыру және сөздік қорларын жылы лебіздермен байыту.
Тәрбиешілер: Аглакова А.А., Мендыбаева М.Ж.
Біздің кішкентай “Алтын балық” тобының тәрбиеленушілерінің – үлкен алғысқа толы құттықтауы.
Балалардың шат күлкісі үшін өмірге, ата-анаға, әр күнге рақмет!
Алғыс айту күні құтты болсын!
Тәрбиешілер: Тұрғанбек Ұ.С., Кожабекова А.Е.
"Ботақан" ортаңғы тобының "Алғыс айту" күніне арналған ата аналардың жылы тілектері.
