Сабын көпіршіктері – қиялға қанат бітіретін өнер!

Бүгін бүлдіршіндеріміз дәстүрден тыс сурет салу әдісі – сабын көпіршіктерімен сурет салу арқылы ерекше шығармашылық әлеміне саяхат жасады.

Алдымен балалар түрлі түсті сабын көпіршіктерінен қағаз бетіне ғажайып өрнектер түсірді. Кейін әр бала өз қиялын іске қосып, шыққан бейнені белгілі бір затқа ұқсастырып, оны толықтырып сурет салды. Біреу бұлтты, екіншісі гүлді, үшіншісі көбелекті, ал тағы бірі ертегі кейіпкерін бейнеледі.

Осындай шығармашылық жұмыстар балалардың:

• қиялын және елестету қабілетін;

• шығармашылық ойлауын;

• ұсақ қол моторикасын;

• эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді.

Әрбір көпіршік – жаңа идеяның бастауы, ал әр сурет – баланың қайталанбас қиялының жемісі. Балалардың шексіз фантазиясына сүйсініп, олардың әрбір туындысынан ерекше әлемді көрдік!

Тәрбиеші: Байтугелова Гаухар Ергалиевна