Барша бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Дендері сау, жүздері әрдайым қуанышқа толы болып, армандары асқақтай берсін!

Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
№46 “Самал” балабақшасының тәрбиеленушілері үшін ерекше күн. “Қызғалдақ” мектепалды тобы сүйікті балабақшасымен қоштасып, білім әлеміне қанат қақты.
Балалық шақтың ең тәтті естеліктері, қызықты ойындар, мейірімге толы тәрбиешілер мен достар әр бүлдіршіннің жүрегінде мәңгі сақталады. Алда оларды жаңа белестер мен үлкен жетістіктер күтіп тұр.
Ақ жол, жас түлектер! Мектеп табалдырығын сеніммен аттап, армандарыңа жете беріңдер!
Барша бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Дендері сау, жүздері әрдайым қуанышқа толы болып, армандары асқақтай берсін!
"Көгершін", "Қызғалдақ" мектепалды топтары.
1 маусым "Бүгінгі балаларды қорғау күні"
Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды.
1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
“Жұлдыз” ересек тобы!
Сіздерді 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ең қымбат байлығы. Әрбір бала бақытты балалық шаққа, сапалы білімге, қамқорлық пен мейірімге лайық. Бүгінгі мереке барлық бүлдіршіндерге қуаныш, шаттық және жарқын көңіл-күй сыйласын.
"Айгөлек" кіші тобы
Ұсақ моторикасын дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттыруда мұндай жұмыстардың маңызы зор.
Балалар қызығып, өз қолдарымен әдемі жұмыстар жасады.
Тәрбиеші: Ұ.С. Тұрғанбек
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай балабақшада отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Соның бірі – балабақшаның кіреберісінде ұлттық нақышта безендірілген «Отбасылық фото-зона». Әсем безендірілген фото-аймақта ата-аналар мен балалар естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген көрме балаларға халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттауға бағытталды.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай балабақша қабырғасында балалар мен ата-аналарды біріктіретін, жылылық пен тәрбиелік мәні зор «Берекелі шаңырақ» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер балабақша ауласында асфальтқа бормен «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет салып, өз қиялдары мен отбасыға деген сүйіспеншіліктерін бейнеледі. Түрлі-түсті суреттер арқылы балалар отбасының бірлігі, мейірімі мен шаттығын көрсете білді.
