Алғыс айту күні!

Алғыс айту – жүректегі ризашылықты білдіріп, жақсылыққа жақсылықпен жауап беру күні. Бұл – мейірім мен сыйластықтың, бірлік пен татулықтың мерекесі.

“Қызғалдақ” мектепалды тобының тәрбиеленушісі Альдиева Мадина және анасы Альдиева Динара Шаяхметқызы барша ұстаздарға, балабақша ұжымына және айналасына шуақ сыйлап жүрген жандарға шынайы алғыстарын білдіреді.

Балалардың жарқын күлкісі мен бақытты балалық шағы үшін, берген білім мен тәлім-тәрбие үшін үлкен рақмет! Әр шаңырақта қуаныш, әр жүректе мейірім болсын! Алғыс айту – асыл қасиет.

“Ана жүрегімнің шуағы”

Аяулы аналарымыз! “Балапан” тобының кішкентай жүректері сіздерге деген шексіз махаббат пен алғысын білдіреді. Ана – әр баланың өміріндегі ең мейірімді жан, жүрегінің шуағы, тіршілігінің тірегі. Сіздің ақ сүтіңіз бен ақ тілегіңіз – бала бақытының бастауы.

Біздің балапандарымыз сіздерге арнап жылы сөздерін, әні мен биін, жүрекжарды алғысын дайындап қойды. Әрбір кішкентай жүректе анасына деген шынайы махаббат бар.

Алғыс айту күні құтты болсын!

Бұл күн – жүректегі ризашылықты білдіріп, бір-бірімізге жылы сөз айтып, шынайы ықыласымызды арнайтын ерекше мереке. Осындай сәтте әрқайсыңызға деген шексіз алғысымды білдіремін.

Әрдайым дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын! Өмірлеріңіз жақсылық пен қуанышқа толы болып, айналаңыз мейірімділік пен сыйластыққа кенелсін. Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!

Қалалық қар күреу акциясы

Бүгін №46 «Самал» санаториялық балабақшасының аумағында қалалық әкелердің қатысуымен қар күреу акциясы өтті. Қыс мезгілінде балаларымыздың қауіпсіз әрі таза ортада жүруі үшін аянбай еңбек еткен барша әкелерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Сіздердің белсенділіктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және балабақша өміріне деген жанашырлықтарыңыз – баршаға үлгі. Бірлесе атқарған әр ісіміз балаларымыздың игілігі үшін жасалатыны қуантады.

Қолдау көрсетіп, уақыт бөліп келген әрбір ата-анаға үлкен рақмет! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін!

"Өрт қауіпсіздік ережесі"

Мақсаты: балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұғындыру және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету.

Тәрбиешілер: Аглакова А.А., Мендыбаева М.Ж.

Күнделікті өмірде қауіпсіздікке ықпал ететін дағдыларды үйрету

Балаларға күнделікті өмірде қауіпсіздікке ықпал ететін дағдыларды үйрету; жеке басын қорғау мен айналасындағыларға саналы, жауапты көзқарас қалыптастыру.

Тәрбиеші: Бегайдарова А.Б.

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.