
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Балабақшамыздың ауласында ұйымдастырылған «Ақылды жүргізушілер» атты самокат эстафетасы бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады.
Арнайы жол белгілері мен жолақтары сызылған қауіпсіз алаңда балалар самокатпен жарысып қана қоймай, жол қозғалысы ережелерін іс жүзінде орындауды үйренді. Эстафета барысында олар:
бағдаршамның түстерін ажыратуды;
жол белгілерінің маңызын түсінуді;
самокатты қауіпсіз тебу ережелерін сақтауды;
бір-біріне құрметпен қарап, кезек күтуді және жауапкершілікті сезінуді меңгерді.
Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған іс-шаралар балалардың ептілігін, шапшаңдығын, зейінін дамытып қана қоймай, қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгінгі кішкентай жүргізушілер – ертеңгі жол қозғалысының саналы әрі жауапты қатысушылары!
