«Денсаулық — басты байлығым» апталығы

Ойынға қатысқан топтар: «Алтын балық» ересек тобы, «Балдәурен» ересек тобы

Іс-шара: «Пайдалы және сұрыптау» ойыны

Мақсаты: Балалардың денсаулық туралы түсініктерін кеңейту, пайдалы және зиянды заттарды ажырата білуге үйрету. Ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтауын дамыту, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ойын барысы: Балалар берілген заттарды қарап, олардың пайдалы немесе зиянды екенін анықтап, тиісті жәшікке сұрыптады. Тапсырманы орындау барысында өз ойларын айтып, белсенділік танытты.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысып, денсаулықты сақтаудың маңызын түсініп, пайдалы тағамдар мен зиянды әдеттерді ажырата білді.

Ұйымдастырған: Искакова Дана Бакировна