Ойын арқылу баланың іс-әрекетін дамыту басты құрал!

“Айгөлек” кіші тобы.

Ойнайтын ойынның бөлшектерін өздері жасаса нұр үстіне нұр болмақ!

Бүгін Астана қаласы білім басқармасының алқа отырысы өтті

Бүгін Білім басқармасының алқа отырысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы оң өзгерістер мен алдағы міндеттер талқыланды.

Жиында балабақшалардағы білім сапасын арттыру, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін көтеру бағытындағы жұмыстар кеңінен сөз болды. Соңғы жылдары мектепке дейінгі ұйымдардың саны артып, материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатқаны қуантады.

Жол қозғалысы ережелері

№46 "Самал" санаториялық балабақшасында балаларға жол қозғалысы ережелерін қызықты әрі түсінікті түрде үйрету мақсатында "Ережелер еліне саяхат" атты танымдық қойылым ұйымдастырылды.

Қойылым барысында тәрбиеленушілер жол белгілерімен танысып, жолда жүру қауіпсіздігі туралы маңызды мәліметтер алды. Балалар кейіпкерлер арқылы жол ережелерін сақтаудың маңызын түсініп, белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.

«Салауатты тамақтану мектебі»

“Қызғалдақ” мектепалды тобы

Балабақшамызда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында ұлттық тағамдар мен аспаздық дәстүрлерді таныстыру, балалардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және ата-бабамыздан қалған ас дайындау дәстүрлерін сақтау мақсатында мазмұнды бейнеролик түсірілді.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, балаларға дұрыс тамақтану мәдениетін үйрету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Балаларды кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен орындауға үйрету.

"Көгершін" мектепалды тобы

Үстелді дұрыс дайындау, ыдыстарды ретімен орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ұқыптылық, тазалық сақтау, тәртіптілік қасиеттерін дамыту. Бір-біріне көмектесуге, еңбекті бағалауға және ортақ жұмысқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Балалардың өздігінен әрекет ету қабілетін арттыру.

Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік!

«Қызғалдақ» мектепалды даярлық тобының ертеңгілігі.

Тақырбы: “Ана-аса қымбатты жан!”

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиешілер: Дахай Маралхан, Байтугеловна Гаухар Ергалиевна

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.