25 қазан – Республика күні!

Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

«Көгершін» ересек тобының бүлдіршіндерімен бірге Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеп, еліміздің тарихы мен рәміздеріне құрмет көрсетеміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!

«Жасай бер, Қазақстаным!»

Мектепалды даярлық топтары арасында Республика күніне орай «Жасай бер, Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндердің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанды құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

«Елім деп соқсын жүрегім!»

25 қазан – Республика күніне орай «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілері патриоттық әнге арнап ерекше тренд жасады.

Елін сүйген бүлдіршіндеріміздің жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік мәңгі ұяласын! Еліміздің ертеңі – жарқын болашақ!

«Қазақстанға саяхат» атты танымдық іс-шара

№46 «Самал» санаториялық балабақшасының ортаңғы және ересек топтарында «Қазақстанға саяхат» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге туған жеріміз – Қазақстан туралы түсінік беру, еліміздің көрікті жерлерімен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

«КІТАП - МЕНІҢ ҚАЗЫНАМ» жобасы аясында

“Көгершін” ересек тобы

Мақсаты: балалардың кітапқа деген қызығушылығын, тілдік дағдыларын ата-анамен бірлесе отырып дамыту.

«Қыран елім – Қазақстаным!» мәнерлеп оқу байқауы

25 қазан – Республика күніне орай №46 «Самал» санаториялық балабақшасында мектепалды және ересек топ тәрбиеленушілері арасында «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, мемлекеттік тілге құрметін нығайту және көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.

Байқау барысында бүлдіршіндер Отан, туған жер, Қазақстанның кең байтақ даласы мен ел бірлігі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір қатысушының өнері олардың туған еліне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін көрсетті.

Менің Отаным – Қазақстан!

25 қазан – Республика күніне орай анасы Қуандыкова Ақбота мен ұлы Құрбанәлі Расул Қазақстан картасын бірге құрастырып, отбасылық шығармашылықтың үлгісін көрсетті.

Бірлескен еңбек арқылы бала бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру – ұлттық тәрбиенің бастауы.

Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.