«Қазақстанға саяхат» атты танымдық іс-шара

№46 «Самал» санаториялық балабақшасының ортаңғы және ересек топтарында «Қазақстанға саяхат» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге туған жеріміз – Қазақстан туралы түсінік беру, еліміздің көрікті жерлерімен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Саяхат барысында бүлдіршіндер еліміздің әсем табиғаты, тарихи орындары мен көрікті қалалары туралы білімдерін толықтырып, туған жерге деген құрметтерін арттырды. Әртүрлі қызықты тапсырмалар мен ойындар арқылы балалардың танымдық қызығушылықтары дамыды.

Туған жерді сүю – Отанды сүюден басталады!