«Жасай бер, Қазақстаным!»

Мектепалды даярлық топтары арасында Республика күніне орай «Жасай бер, Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндердің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанды құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

Балғын бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін ортаға салып, Отан туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың қолында! Бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын, қадамдары нық болсын!