«Әкеммен құсты қорғаймын» челленджі

“Айгөлек” кіші тобы

"Көгершін" мектепалды тобы

Балаларға құстарға қамқорлық жасауды үйрету – өте пайдалы әрі тәрбиелік мәні зор жұмыс. Мұны ойын, бақылау және қарапайым әрекеттер арқылы ұйымдастыру.

Табигатты бірге коргайык!

"Берекелі, мерекелі әз Наурыз!" атты ертеңгілік

"Балапан" ортаңғы тобы

Мақсаты: Балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, оның маңызын, ұлттық салт-дәстүрлерін таныстыру. Қазақ халқының мәдениетіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бір-біріне деген достық, сыйластық қарым-қатынасты нығайту.

Халықаралық Наурыз күні: тарих, дәстүр және қазіргі заман

"Жұлдыз" ересек тобы

"Наурыз - құт, береке бастауы!"

Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Наурыз: жүрегімізді біріктіретін мереке

"Көгершін" мектепалды тобы.

"Қош келдің, құтты Наурызым!" атты ертеңгілігі өтті.

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет—ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру.

Наурыз - көктем, жаңару және бірлік мерекесі!

Мақсаты: Наурыз мейрамын сезіне білуге баулу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерді қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, достыққа, бірлікке, мейірімділікке тәрбиелеу және көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиешілер: Шубаева Айгуль Мейрамовна, Дахай Маралхан.

Ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру

Балалардың Шаңырақ туралы түсініктерін тереңдету, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ұрпақ бойына отансүйгіштік рух пен отбасылық құндылықтарды сіңіру, шығармашылық қабілеттерін дамытып, қиялын ұштау.

Сонымен қатар, балаларды бірлікке, татулыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Искакова Армангуль Агабаевна

Наурыз – жаңару мен жақсылық мерекесі

"Қызғалдақ" мектепалды тобында өткен мерекелік іс-шарада балаларымыз ұлттық дәстүрді дәріптеп, ән айтып, би билеп, "Оқтау тартыс", "Арқан тартыс" ойындарын ойнады.

Ұмыт қалған шолпы, шашбау тағу дәстүрі жаңғырып, айтыс пен Алдар көсе мен бай көрінісі арқылы тапқырлық пен тәрбиенің мәні ашылды.

Ұлттық рух – ұрпақ тәрбиесінің негізі!

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.