«МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН!»

Отан отбасынан басталады!

Ата-ана мен бала – бір шаңырақтың шаттығы, бір елдің болашағы.

«Менің елім – Қазақстан!» атты шығармашылық жұмысымызда ата-аналар мен балалар бірлесе отырып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, елге деген мақтаныштарын өнер арқылы жеткізді.

Бірге сурет салып, бірге қиялдап, бірге жасаған әрбір жұмыс – отбасылық ынтымақ пен сүйіспеншіліктің көрінісі.