“Қызғалдақ” тобы
“Қызғалдақ” тобының тәрбиеленушілері 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні, Аналар мерекесі қарсаңында өздерінің сүйікті аналарына деген ыстық сезімдерін ерекше түрде жеткізді.
Балдырғандар аналарына деген махаббаттары мен алғыстарын білдіріп қана қоймай, болашақта қандай мамандық иесі болғысы келетінін де бейнелеп көрсетті. Әр бала өз армандаған мамандығының бейнесін көрсетіп, аналарына қуаныш сыйлады.
Бұл шараның мақсаты – балалардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ олардың болашақ арман-мақсаттарын қолдап, қиялын қанаттандыру.
Балалардың ақ жүректен шыққан тілектері мен жарқын армандары барлық аналарға қуаныш сыйласын!

"Балдәурен" ересек тобында 8 наурыз – Аналар мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мереке барысында балалар аналарына арналған тақпақтарын айтып, әсем әндер орындап, би биледі. Сонымен қатар қызықты ойындар ойналып, балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады.
"Көгершін" даярлық тобы
«Балапан» ортаңғы тобы
"Анаға арнау" атты жалпықалалық хормен ән айту челленджіне қатысып, №46 «Самал» санаториялық балабақшасының тәрбиеленушілері мен педагогтары барша аналарды шын жүректен құттықтайды!
«Арай» мектепалды даярлық тобы
«Арай» мектепалды тобы