БІЛІМ КҮНІ – БАЛАЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН БАСТАУЫ!

1 қыркүйек – Білім күніне орай №46 «Самал» санаториялық балабақшасында тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында бүлдіршіндер білімнің, достықтың және балабақшадағы қызықты күндердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, түрлі ойындар мен қызықты тапсырмаларға белсене қатысты. Әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалып, балалардың жүзінен қуаныш пен шаттық көрінді.

Мерекелік шараның басты мақсаты – балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, балабақшаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауға жағдай жасау.

Білім жолындағы әр қадамдарың сәтті болсын, бүлдіршіндер! Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге толы болсын!