Абай Құнанбайұлының туған күні – халқымыз үшін қастерлі күн!

Қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні – халқымыз үшін қастерлі күн.

Абайдың асыл мұрасы – ұлт руханиятының сарқылмас қазынасы. Оның өлеңдері мен қара сөздері адамды білімге, еңбекке, ізгілікке, адамгершілікке үндейді. Абайдың «Толық адам» идеясы мен тағылымды ойлары бүгінгі ұрпақ үшін де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ұлы ақынның өнегелі мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың рухани темірқазығына айнала берсін!