Сюжетті-рөлдік ойыны

«Ботақан» тобында балалармен «Адалдық дүкені» сюжетті-рөлдік ойыны ойнатылды.

Ойын барысында бүлдіршіндер адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сияқты маңызды адамгершілік құндылықтармен танысты.

Балалар дүкенші мен сатып алушы рөлдеріне еніп, дұрыс таңдау жасауды, кезекте тұруды, бір-біріне құрметпен қарауды үйренді. Ойын өте қызықты әрі тәрбиелік мәні зор болды.

«Заң мен тәртіп» аптасы аясында

«Арай» мектепалды тобында тәрбиеші Искакова Армангуль Агабаевна «Адалдық дүкені» сюжетті-рөлдік ойынын өткізді.

Ойын барысында балалар адалдық, жауапкершілік және әділдік ұғымдарын түсініп, күнделікті өмірде дұрыс таңдау жасаудың маңызын үйренді. Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды.

Адал азамат біртұтас тәрбие

Адал_азамат_біртұтас_тәрбие Бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің бастауы – өткеннің өнегесінде. Осы мақсатта ұйымдастырылған әжелермен кездесу кеші мазмұны терең, тағылымы мол шара болды.

Әжелеріміз өз өмір жолынан сыр шертіп, ұлттық салт-дәстүрдің мәні, отбасы тәрбиесіндегі ананың, әженің рөлі туралы құнды ойларымен бөлісті. Кездесу барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет, инабаттылық пен имандылық жайлы әңгімелер айтылып, ұлттық тәрбиенің маңызы кеңінен насихатталды.

Stop bullying

"Самал" санаториялық балабақшасында буллингтің алдын алу бойынша кездесу өтті Самал санаториялық балабақшасында педагогтарға арналған буллингтің алдын алу және оның салдары туралы маңызды ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге ІІМ Басқару академиясы ҒЗИ-дың Орталық бастығы, полиция полковнигі Қарабеков Қанатбек Өмірзақұлы және ІІМ Басқару академиясы жалпы даярлық кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Баймұханов Ербақыт Мұхаметқалиұлы қатысып, буллинг ұғымы, оның түрлері, балалар психологиясына тигізетін әсері және алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ұлттық құрылтай

"Қаңтардың 19–20 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Президент бұл маңызды жиында елдің даму бағдарына қатысты стратегиялық ойларын ортаға салып, қоғамдағы өзекті мәселелерге нақты тоқталды. Ұлттық құрылтайдың халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңы екенін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев бірлік, жауапкершілік және әділеттілік қағидаттарының ел болашағы үшін айрықша маңызын айтты. Құрылтайда көтерілген бастамалар мен ұсыныстар мемлекет дамуына серпін беріп, қоғамның өзара түсіністігін нығайтуға бағытталған. Бұл жиын – ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың ойы тоғысқан, ортақ мақсатқа жұмылдырған маңызды алаң. Ұлттық құрылтайда айтылған әрбір ой мен ұсыныс Қазақстанның жарқын болашағына қызмет етеді.

31 қазан күні №46 «Самал» санаториялық балабақшасында ата-аналар мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

31 қазан күні №46 «Самал» санаториялық балабақшасында ата-аналар мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында «Өнерлі отбасы» атты тамаша сайыс өтті. Іс-шара барысында қатысушы отбасылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, қолөнер шеберліктерін көрсетті. Әр отбасы өзара татулықты, сүйіспеншілікті және өнерге деген қызығушылықты паш етті. Нәтижесінде барлық қатысушылар ерекше белсенділіктері мен шығармашылығы үшін алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Осындай шаралар арқылы балабақша мен ата-аналар арасындағы байланыс одан әрі нығайып, балалардың бойында өнерге, ізгілікке, отбасына деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады.

№46 «Самал» санаториялық балабақшасында ата-аналармен бірлескен «Сабан той

«№46 «Самал» санаториялық балабақшасында ата-аналармен бірлескен «Сабан той – еңбектің, бірліктің және достықтың мерекесі» атты «Күз сыйы» жәрмеңкесін ұйымдастыру арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еңбектің қадірін ұғындыру, бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.