Халықаралық балаларды қорғау күніне орай

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №46 «Самал» санаториялық балабақшасында «Біз бақытты балдырған» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мереке аясында ата-аналар мен балалардың қатысуымен көңілді әрі тартысты «Толағай» отбасылық спорттық сайысы өткізілді. Сайыс барысында қатысушылар ептілік, шапшаңдық, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Балалар мен ата-аналар әртүрлі спорттық эстафеталарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсерге бөленді.

Мұндай іс-шаралар отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға зор ықпал етеді. Барлық қатысқан ата-аналар мен бүлдіршіндерге белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз!

Балалардың күлкісі мен қуанышы әрдайым ортамызды нұрландыра берсін!

Бақытты балалық шақ — әр баланың құқығы!