«Оркестр күніне» ұйымдастырылған ic- шара

«Оркестр күні» - Ұйымдастырылған ic- шара ортаңғы, ересек және мектепалды топтары арасында өткiзiлдi.

Мақсатымыз: Балалардың музыка өнеріне деген қызығушылығын арттыру, музыкалық аспаптар туралы білімдерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұжыммен бірлесіп өнер көрсетуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

Музыкалық аспаптарды танып, ажырата білуге үйрету;

Ырғақты сезіну және музыканы тыңдау мәдениетін қалыптастыру;

Балалардың сахна мәдениетін дамыту;

Өнерге, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін тәрбиелеу.

Ұйымдастырушы музыка жетекшілері: Кожабаева Нагима Токсанбаевна, Морозова Людмила Анатольевна!