Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

№46 «Самал» санаториялық балабақшасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай МАД және Ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Көк тудың желбірегені» атты музыкалық-хореографиялық композиция ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер Отанға деген сүйіспеншіліктерін ән мен би арқылы жеткізіп, көк байрағымызға деген құрметтерін көрсетті. Әсем әндер шырқалып, ұлттық рухты дәріптейтін көркем билер орындалды.

Балалардың өнері арқылы елге, жерге деген мақтаныш сезімі артып, патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы насихатталды.

Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!