Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күні! Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің қасиетті белгілері. Олар – көк Туымыз, айбынды Елтаңбамыз және асқақ Әнұранымыз. Отан – біздің туған жеріміз, алтын бесігіміз. Әр адам өз елін, жерін, тілін және мемлекеттік рәміздерін құрметтеуі керек. Отанды сүю – туған жерді қорғау, табиғатын аялау, еліміздің мақтанышына айналу керек.

Біз Қазақстанның болашағымыз. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді әрдайым құрметтеп, туған елімізді мақтан тұтайық. Көк байрағымыз әрқашан биікте желбіреп, Қазақстанымыз гүлдене берсін!