Қазақстан халқы тілдері күніне орай

Қазақстан халқы тілдері күніне орай №46 «Самал» санаториялық балабақшасында «Тіл – татулықтың тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер ана тіліміздің қадір-қасиеті туралы түсініктерін кеңейтіп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын танысты. Балалар тақпақ айтып, ән шырқап, ұлттық ойындарға белсене қатысты.

Тіл – халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. Ана тілін құрметтеу – елді, жерді, Отанды құрметтеу.

Бүлдіршіндеріміздің бойына тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті бала кезден қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Тіліміз тұғырлы, еліміз бірлікті болсын!

Тіл мерекесі құтты болсын!