
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
25 қазан – Республика күніне орай №46 «Самал» санаториялық балабақшасында мектепалды және ересек топ тәрбиеленушілері арасында «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, мемлекеттік тілге құрметін нығайту және көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Байқау барысында бүлдіршіндер Отан, туған жер, Қазақстанның кең байтақ даласы мен ел бірлігі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір қатысушының өнері олардың туған еліне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін көрсетті.
Өнерлі өрендерімізге шығармашылық табыс, жарқын жеңістер тілейміз! Еліміздің көк байрағын биік ұстайтын, білімді де отансүйгіш ұрпақ болып өссін!
Қырандай қалықтап, Қазақстанымыздың абыройын асқақтата беріңдер, жас өрендер!
