
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Отбасы күніне орай №46 «Самал» санаториялық балабақшасында ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен «Отбасым – бақыт мекені!» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Жарыс барысында ата-аналар мен балалар түрлі қызықты эстафеталарға қатысып, өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және ұйымшылдығын көрсетті. Отбасылар бір-біріне қолдау білдіріп, татулық пен бірліктің жарқын үлгісін танытты.
Осындай тағылымды шаралар арқылы бала мен ата-ана арасындағы байланыс нығайып, «Бақытты отбасы – бақытты бала» қағидасының маңызы айқындала түсті.
Барша қатысушыларға белсенділіктері мен көтеріңкі көңіл күйлері үшін алғыс білдіреміз!
Отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімнің, бірлік пен берекенің алтын бесігі!
