«Отбасым» сюжетті-рөлдік ойыны

Бүгін балаларымыз «Отбасым» сюжетті-рөлдік ойынын қызығушылықпен ойнады. Ойын барысында олар отбасы мүшелерінің рөлін сомдап, ата-анаға қамқорлық көрсету, бір-біріне көмектесу, сыйластық пен мейірімділікті сезіну дағдыларын қалыптастырды.

Осындай ойындар арқылы бүлдіршіндердің қиялы дамып, отбасы құндылықтарына деген сүйіспеншілігі арта түседі.
Отбасы – сүйіспеншілік пен жылулықтың мекені!