«РЕТКЕ КЕЛТІР» - Ата-анамен таза ауадағы отбасылық ойын

«Дені сау бала – дені сау ұлт» апталығы аясында №46 «Самал» балабақшасында ата-аналар мен балалардың қатысуымен «Ретке келтір» атты танымдық әрі тәрбиелік отбасылық ойын ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа және экологиялық мәдениетке баулу, табиғатты аялауға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай-ақ ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту болды.

Ойын барысында отбасылар бірлесе еңбек етіп, аумақты ретке келтіріп, қалдықтарды сұрыптаудың маңызын тәжірибе жүзінде көрсетті. Балалар үшін бұл – жай ғана ойын емес, қоршаған ортаға жанашырлық танытып, жауапкершілікті сезінуге бастайтын маңызды өмірлік сабақ болды.

Таза табиғат – дені сау ұрпақтың кепілі. Ал балаға үлгі болатын ең алғашқы ұстаз – ата-ана. Сондықтан отбасы болып атқарылған әрбір игі іс баланың бойында еңбекқорлықты, тәртіпті және туған жерге деген қамқорлық сезімін қалыптастырады.

Тазалық – мәдениеттің белгісі, Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

Ұйымдастырушылар: Байтугелова Г.Е., Рахымбаева Ж.С., Дахай М.