
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай балабақшада отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Соның бірі – балабақшаның кіреберісінде ұлттық нақышта безендірілген «Отбасылық фото-зона». Әсем безендірілген фото-аймақта ата-аналар мен балалар естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген көрме балаларға халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттауға бағытталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті ояту, ата-аналар мен балабақша арасындағы байланысты нығайту және ұлттық құндылықтарды, «Адал азамат» қағидаларын сіңіру.
Отбасы – тәрбие бастауы, мейірім мен бірліктің мекені!
