Қымбатты бүлдіршіндеріміз, біздің кішкентай ботақандарымыз!

Балабақшамен қоштасуға небәрі екі ай қалды…

Сендермен бірге өткізген әр күніміз — қуанышқа, шаттыққа, шынайы күлкіге толы болды. Әрқайсыларың жүрегімізден ерекше орын алдыңдар

Алда сендерді үлкен өмірдің жаңа баспалдағы — мектеп күтіп тұр. Біз сендерге тек сәттілік, білімге құштарлық, биік армандар тілейміз! Әрқашан алғыр, тәрбиелі, мейірімді болып өсіңдер.

Біз сендерді мақтан тұтамыз және әрдайым сағынышпен еске аламыз…

Сендер — біздің ең жарқын естелігіміз 

«Салауатты ұрпақ – ел болашағы»

2026 жылдың 10 сәуір күні №46 «Самал» санаториялық балабақшасында «Салауатты ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті. Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы озық тәжірибелермен бөлісу болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, денсаулық сақтау технологиялары, қызықты шеберлік сағаттары мен тәжірибелік жұмыстар ұсынылды. Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.

"Ғарышкерлер күні»

"Көгершін" мектепалды тобы

"Шұғыла" ортаңғы тобы

“Қызғалдақ” мектепалды даярлық тобы

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер күні туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің ерлігі жайлы айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру.

Тазалық – тәрбие бастауы!

№46 «Самал» санаториялық балабақшасында сенбілік жоғары деңгейде өтті. Ұжым қызметкерлері бірлесе отырып, сенбілік барысында аула тазартылып, қоқыстар жиналып, айнала ретке келтірілді. Әрбір қызметкер қоршаған ортаның тазалығына өз үлесін қосып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Мұндай игі шаралар – балаларға тазалық пен еңбекқорлықтың маңызын ұғындырудың жарқын көрінісі. Бәріміз бірге таза әрі көрікті орта қалыптастырайық!

"Ғарышкерлер күні"

"Жұлдыз" ересек тобы

«Балдәурен» ересек тобы

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту.

“Құстар – біздің досымыз”

“Қызғалдақ” мектепалды тобы

"Балдәурен" ересек тобы

Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық – бала жүрегінен басталады. Осы бағытта ата-аналар мен балалардың бірлескен еңбегі ерекше маңызға ие.

Біздің тәрбиеленушілеріміз Аблай Тамерланның атасы мен Жайық Нұрханның әкесі балаларымен бірге өз қолдарымен құстарға арнап әдемі жемсалғыштар мен жылы ұялар жасап шықты. Бұл тек қолөнер емес, бұл – мейірімділікке, жауапкершілікке, табиғатты аялауға тәрбиелейтін үлкен тәрбие.

«Құстарға қамқор болайық» экологиялық акциясы

"Балдәурен" ересек тобы

Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық жасауға баулу. Құстарға көмек көрсету, олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.