Балалар мен табиғат

Бүгін біздің кішкентай балапандар, қияр егіп көрді.

Балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен еңбегі – болашақтың берік негізі.

Әр дән – үміт, әр күтім – махаббат.

«Таза Қазақстан – дені сау ұрпақ» атты флэшмоб

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айлық жоспары аясында «Таза Қазақстан – дені сау ұрпақ» атты флэшмоб ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – балаларға тазалықтың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Флэшмоб барысында бүлдіршіндер белсенділік танытып, көңілді әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс жасап, тазалық пен денсаулықтың ажырамас байланысын көрсетті.

Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі бұл шараның жоғары деңгейде өткенінің айқын дәлелі болды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табиғатқа деген сүйіспеншілік қалыптасады.

«Құстарға қамқор болайық» экологиялық акциясы

"Жұлдыз" ересек тобы

Мақсаты: құстарға қамқорлық жасауға қоғамдағы рөлін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мағынасын ашу.

«Әкеммен құсты қорғаймын» челленджі

“Айгөлек” кіші тобы

"Көгершін" мектепалды тобы

Балаларға құстарға қамқорлық жасауды үйрету – өте пайдалы әрі тәрбиелік мәні зор жұмыс. Мұны ойын, бақылау және қарапайым әрекеттер арқылы ұйымдастыру.

Табигатты бірге коргайык!

"Берекелі, мерекелі әз Наурыз!" атты ертеңгілік

"Балапан" ортаңғы тобы

Мақсаты: Балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, оның маңызын, ұлттық салт-дәстүрлерін таныстыру. Қазақ халқының мәдениетіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бір-біріне деген достық, сыйластық қарым-қатынасты нығайту.

Халықаралық Наурыз күні: тарих, дәстүр және қазіргі заман

"Жұлдыз" ересек тобы

"Наурыз - құт, береке бастауы!"

Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Наурыз: жүрегімізді біріктіретін мереке

"Көгершін" мектепалды тобы.

"Қош келдің, құтты Наурызым!" атты ертеңгілігі өтті.

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет—ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру.

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.