Ұлттық киім күні

“Қызғалдақ” мектепалды тобы

Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мұрасы мен салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше күн. Бүгін біздің кішкентай бүлдіршіндер ұлттық киім киіп, ата-бабамыздан қалған асыл құндылықтарды танып, құрметтеуді үйренді.

Ұлттық нақыштағы әсем киімдер арқылы балалардың бойында отансүйгіштік сезім оянып, мәдениетімізге деген қызығушылықтары арта түсті. Әрбір ою-өрнек – тарих, әрбір киім – тәрбие көзі.

"Наурыз" мерекесі құтты болсын!

Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің, береке мен молшылықтың бастауы.

Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, зор денсаулық, ырыс-несібе тілейміз!

Ұжымымызда әрдайым ынтымақ пен түсіністік орнап, еңбектеріңіз жемісті болсын.

Ұлттық киім күні – әр халықтың дәстүрі

Ұлттық киім күні – әр халықтың дәстүрлі киімін дәріптейтін, мәдени мұраны насихаттайтын ерекше күн. Бұл күні адамдар өз ұлтының ұлттық киімін киіп, оның тарихы мен маңызын көрсетеді.

16 Наурыз – Шаңырақ күні

“Қызғалдақ” мектепалды тобы

Бірлік пен берекенің белгісі болған шаңырақ – әр отбасының жылуы мен бақыты.

“Қызғалдақ” тобының тәрбиеленушісі Альдиева Мадинаның атасының шаңырағы – татулықтың, сыйластықтың және ұлттық дәстүрді құрметтеудің жарқын үлгісі. Бұл отбасында дастархан әрдайым батамен ашылып, батамен қайырылады. Үйдің төрінде ұлттық тағамдар – бесбармақ, қымыз, бауырсақ үзілмей, қонақжайлық пен береке сезіліп тұрады.

Көрісу күні – құтты болсын!

Ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін ерекше күн – Көрісу күні. “Арай” мектепалды тобының тәрбиешісі Искакова Армангуль Агабаевна, тәрбтеленушілері, ата-аналарымен осы дәстүрді насихаттайтын тағылымды шара ұйымдастырды.

Балалар үлкендермен көрісіп, ізгі тілектер айтып, халқымыздың салт-дәстүрінің мәнін түсінді. Бұл мереке бірлік пен сыйластықтың, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің жарқын үлгісін көрсетті. 

Көрісу күні – құтты болсын!

Бүгін ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін ерекше күн – Көрісу күні. Осыған орай “Қызғалдақ” мектепалды тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналары көрісу дәстүрін насихаттайтын тағылымды шара ұйымдастырды.

Шара барысында тәрбиеленушілер қазақ халқының амандасу салтын көрсетіп, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Балалар үлкендерге құрмет көрсетіп, қол алысып амандасып, бір-біріне ақ тілектер айтып, көрісу дәстүрінің мәнін түсінді.

Көрісу күні – құтты болсын!

Бұл күннің ең басты мақсаты — өкпе-ренішті ұмытып, араздыққа нүкте қою. Адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасу арқылы арадағы сыйластықты нығайтады. "Бір жасыңмен!" деп тілек айту — бір жылды аман-есен өткеріп, жаңа жылға бірге аяқ басқанына қуанудың белгісі. ​

Көрісу күні — кішінің үлкенге барып сәлем беруі, бата алуы. Бұл дәстүр жас ұрпақтың бойына мынадай құндылықтарды егеді:

​Үлкенді сыйлау;

​Туыстық байланысты үзбеу (ағайыншылық);

​Кішіпейілділік пен ізеттілік!

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.