Халықаралық әйелдер күні!

"Анаға арнау" атты жалпықалалық хормен ән айту челленджіне қатысып, №46 «Самал» санаториялық балабақшасының тәрбиеленушілері мен педагогтары барша аналарды шын жүректен құттықтайды!

Ана – мейірімнің, жылулықтың, шексіз махаббаттың символы. Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен ақ тілектеріңіз әрбір баланың өміріне қуаныш пен шаттық сыйлайды.

Барша аналарға зор денсаулық, бақыт, отбасы амандығын тілейміз! Әр шаңырақта күлкі мен қуаныш көп болсын!

Халықаралық әйелдер күні!

«Арай» мектепалды даярлық тобы

46 «Самал» санаториялық балабақшасының «Арай» мектепалды тобының бүлдіршіндері мен тәрбиешісі Искакова Армангуль Агабаевна 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаныңда аналарға Алғыс айтады.

Жүректен шыққан жылы лебіздерімізді білдіріп, баршаңызға алғыс айтамыз! 

Алғыс айту күніне арналған челлендж!

«Арай» мектепалды тобы

46 «Самал» санаториялық балабақшасының «Арай» мектепалды тобының бүлдіршіндері мен тәрбиешісі Искакова Армангуль Агабаевна баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтайды!

Бұл ерекше күні біз бір-бірімізге жылы сөз айтып, мейірім мен ризашылық білдіреміз. Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз де өз жүректеріндегі алғыстарын жеткізіп, қуаныш пен жақсы көңіл күй сыйлауда.

Халықаралық әйелдер күні!

Аяулы аналарымыз! “Қызғалдақ” мектепалды тобының жүректері сіздерге деген шексіз махаббат пен алғысын білдіреді. Ана – әр баланың өміріндегі ең мейірімді жан, жүрегінің шуағы, тіршілігінің тірегі. Сіздің ақ сүтіңіз бен ақ тілегіңіз – бала бақытының бастауы.

Біздің балапандарымыз сіздерге арнап жылы сөздерін, әні мен биін, жүрекжарды алғысын дайындап қойды. Әрбір кішкентай жүректе анасына деген шынайы махаббат бар.

Сіздерді “Ана - аса қымбат жан” атты мерекелік ертеңгілігімізге шақырамыз!

Балаларыңыздың қуанышын бірге бөлісіп, мейірім мен шаттыққа толы сәттің куәсі болыңыздар.

Күні: 06.03.2026 ж., уақыты: 10:15

Өтетін орны: “Самал” балабақшасы

Халықаралық әйелдер күні!

“Айгөлек” кіші тобы

Менің Анам менің жұмағым.

Рахмет саған, анашым, мейірімің мен жылуың үшін,

Шексіз махаббатың үшін алғыс айтам.

Сені берген Аллаға шүкір етемін,

Бар екеніңе рахмет, жан анам!

Алғыс айту күні!

“Қызғалдақ” мектепалды тәрбиеленушілері көктемнің алғашқы күні “Алғыс айту” күнімен құттықтайды!

Алғыс айту күні!

"Балдәурен"  ересек тобы 

Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні құтты болсын!

Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз.

Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмайды.

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.