“Арай” мектепалды тобы
Біздің топтың балалары түскі ас уақытында тәртіп сақтап, мәдениетті түрде тамақтануды үйреніп жүр. Балалар үстел басында дұрыс отырып, ұқыптылық пен тазалықты сақтайды.
Ал кезекші балалар өз міндеттерін жауапкершілікпен орындап, түскі астан кейін үстелдің үстін жинауға көмектеседі.
Осылайша балалар кішкентайынан тәртіпке, тазалыққа және еңбекқорлыққа үйренуде.



“Айгөлек” кіші тобы.
Бүгін Білім басқармасының алқа отырысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы оң өзгерістер мен алдағы міндеттер талқыланды.
№46 "Самал" санаториялық балабақшасында балаларға жол қозғалысы ережелерін қызықты әрі түсінікті түрде үйрету мақсатында "Ережелер еліне саяхат" атты танымдық қойылым ұйымдастырылды.