Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған ертеңгілік

Біздің “Арай” мектепалды тобында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған “Анашымен бірге – бақытқа саяхат” атты ерекше ертеңгілік өтті.

Балалар аналарымен бірге бақытқа саяхатқа аттанғандай әсер сыйлады. Балалар ана, әже, көктем туралы әсерлі өлеңдер, тақпақтарын айтып жүрекке жылу сыйлады.

Тақпақтарын айтты.

Оркестр де өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар ата-аналармен бірге қызықты ойындар ойнап, мереке барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ертеңгілік соңында балалар өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын аналарына табыстады.

Бұл сәт мерекенің ең әсерлі әрі жылы кезеңдерінің бірі болды.

Ертеңгілік жоғары деңгейде өтіп, баршаға қуаныш пен әдемі әсер сыйлады.

Барша аналар мен әжелерді мерекемен құттықтаймыз!

Тәрбиешілер: Искакова Армангуль Агабаевна, Искакова Дана Бакировна