«Салауатты тамақтану мектебі»

“Қызғалдақ” мектепалды тобы

Балабақшамызда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында ұлттық тағамдар мен аспаздық дәстүрлерді таныстыру, балалардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және ата-бабамыздан қалған ас дайындау дәстүрлерін сақтау мақсатында мазмұнды бейнеролик түсірілді.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, балаларға дұрыс тамақтану мәдениетін үйрету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Балаларды кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен орындауға үйрету.

"Көгершін" мектепалды тобы

Үстелді дұрыс дайындау, ыдыстарды ретімен орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ұқыптылық, тазалық сақтау, тәртіптілік қасиеттерін дамыту. Бір-біріне көмектесуге, еңбекті бағалауға және ортақ жұмысқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Балалардың өздігінен әрекет ету қабілетін арттыру.

Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік!

«Қызғалдақ» мектепалды даярлық тобының ертеңгілігі.

Тақырбы: “Ана-аса қымбатты жан!”

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиешілер: Дахай Маралхан, Байтугеловна Гаухар Ергалиевна

Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік!

"Балдәурен" ересек тобында 8 наурыз – Аналар мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мереке барысында балалар аналарына арналған тақпақтарын айтып, әсем әндер орындап, би биледі. Сонымен қатар қызықты ойындар ойналып, балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады.

Мереке аналарға қуаныш сыйлап, балалардың мейірімі мен сүйіспеншілігін сезіндірген жылы әрі әсерлі кеш болды. 

Халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтау!

“Қызғалдақ” тобы

“Қызғалдақ” тобының тәрбиеленушілері 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні, Аналар мерекесі қарсаңында өздерінің сүйікті аналарына деген ыстық сезімдерін ерекше түрде жеткізді.

Балдырғандар аналарына деген махаббаттары мен алғыстарын білдіріп қана қоймай, болашақта қандай мамандық иесі болғысы келетінін де бейнелеп көрсетті. Әр бала өз армандаған мамандығының бейнесін көрсетіп, аналарына қуаныш сыйлады.

Бұл шараның мақсаты – балалардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ олардың болашақ арман-мақсаттарын қолдап, қиялын қанаттандыру.

Балалардың ақ жүректен шыққан тілектері мен жарқын армандары барлық аналарға қуаныш сыйласын!

Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік!

"Көгершін" даярлық тобы

8 Наурыз – Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулу, сұлулықты сезіне білуге, мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге, ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиешілер: Аглакова А.А., Бегайдарова А.Б.

Халықаралық әйелдер күні!

«Балапан» ортаңғы тобы

«Ана – жүрегімнің шуағы» атты аналар мерекесіне арналған ертеңгілікте бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, аналарға деген шексіз сүйіспеншіліктерін ән, би және жүрекжарды тақпақтар арқылы жеткізді.

Ана – әр баланың өміріндегі ең қымбат, ең аяулы жан.

Барша аналарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

logo
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

Бізді әлеуметтік желілерде бақылаңыз

Publish modules to the "offcanvs" position.