
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
“Қызғалдақ” тобы
“Қызғалдақ” тобының тәрбиеленушілері 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні, Аналар мерекесі қарсаңында өздерінің сүйікті аналарына деген ыстық сезімдерін ерекше түрде жеткізді.
Балдырғандар аналарына деген махаббаттары мен алғыстарын білдіріп қана қоймай, болашақта қандай мамандық иесі болғысы келетінін де бейнелеп көрсетті. Әр бала өз армандаған мамандығының бейнесін көрсетіп, аналарына қуаныш сыйлады.
Бұл шараның мақсаты – балалардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ олардың болашақ арман-мақсаттарын қолдап, қиялын қанаттандыру.
Балалардың ақ жүректен шыққан тілектері мен жарқын армандары барлық аналарға қуаныш сыйласын!
