Халықаралық әйелдер күні!

Аяулы аналарымыз! “Қызғалдақ” мектепалды тобының жүректері сіздерге деген шексіз махаббат пен алғысын білдіреді. Ана – әр баланың өміріндегі ең мейірімді жан, жүрегінің шуағы, тіршілігінің тірегі. Сіздің ақ сүтіңіз бен ақ тілегіңіз – бала бақытының бастауы.

Біздің балапандарымыз сіздерге арнап жылы сөздерін, әні мен биін, жүрекжарды алғысын дайындап қойды. Әрбір кішкентай жүректе анасына деген шынайы махаббат бар.

Сіздерді “Ана - аса қымбат жан” атты мерекелік ертеңгілігімізге шақырамыз!

Балаларыңыздың қуанышын бірге бөлісіп, мейірім мен шаттыққа толы сәттің куәсі болыңыздар.

Күні: 06.03.2026 ж., уақыты: 10:15

Өтетін орны: “Самал” балабақшасы

Қымбатты аналар, сіздердің күлкілеріңіз – біздің бақытымыз!

Мерекеде жүздескенше!

Тәрбиешілер: Байтугелова Г.Е., Дахай М.