
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
“Қызғалдақ” мектепалды тобы
Бірлік пен берекенің белгісі болған шаңырақ – әр отбасының жылуы мен бақыты.
“Қызғалдақ” тобының тәрбиеленушісі Альдиева Мадинаның атасының шаңырағы – татулықтың, сыйластықтың және ұлттық дәстүрді құрметтеудің жарқын үлгісі. Бұл отбасында дастархан әрдайым батамен ашылып, батамен қайырылады. Үйдің төрінде ұлттық тағамдар – бесбармақ, қымыз, бауырсақ үзілмей, қонақжайлық пен береке сезіліп тұрады.
Өзге ұлт өкілдерімен тату-тәтті өмір сүріп, бір шаңырақ астында бірлік пен достықтың үлгісін көрсетіп отырған бұл отбасы – жас ұрпаққа үлкен өнеге.
Әр шаңырақта шаттық, татулық пен береке орнасын!
Тәрбиешілер: Байтугелова Гаухар Ергалиевна, Дахай Маралхан
