Көрісу күні – құтты болсын!

Ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін ерекше күн – Көрісу күні. “Арай” мектепалды тобының тәрбиешісі Искакова Армангуль Агабаевна, тәрбтеленушілері, ата-аналарымен осы дәстүрді насихаттайтын тағылымды шара ұйымдастырды.

Балалар үлкендермен көрісіп, ізгі тілектер айтып, халқымыздың салт-дәстүрінің мәнін түсінді. Бұл мереке бірлік пен сыйластықтың, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің жарқын үлгісін көрсетті.