
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Бүгін ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін ерекше күн – Көрісу күні. Осыған орай “Қызғалдақ” мектепалды тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналары көрісу дәстүрін насихаттайтын тағылымды шара ұйымдастырды.
Шара барысында тәрбиеленушілер қазақ халқының амандасу салтын көрсетіп, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Балалар үлкендерге құрмет көрсетіп, қол алысып амандасып, бір-біріне ақ тілектер айтып, көрісу дәстүрінің мәнін түсінді.
Ата-аналар мен балалардың бірлескен бұл кездесуі ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, жас ұрпақтың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет, сыйластық пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз!
Әр шаңыраққа амандық, бірлік пен береке тілейміз!
Тәрбиешілер: Байтугелова Гаухар Ергалиевна, Дахай Маралхан
