
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айлық жоспары аясында «Таза Қазақстан – дені сау ұрпақ» атты флэшмоб ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – балаларға тазалықтың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Флэшмоб барысында бүлдіршіндер белсенділік танытып, көңілді әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс жасап, тазалық пен денсаулықтың ажырамас байланысын көрсетті.
Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі бұл шараның жоғары деңгейде өткенінің айқын дәлелі болды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табиғатқа деген сүйіспеншілік қалыптасады.
