
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
2026 жылдың 10 сәуір күні №46 «Самал» санаториялық балабақшасында «Салауатты ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті. Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы озық тәжірибелермен бөлісу болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, денсаулық сақтау технологиялары, қызықты шеберлік сағаттары мен тәжірибелік жұмыстар ұсынылды. Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Семинарға қатысқан әріптестер өзара пікір алмасып, жаңа идеялар мен тың серпін алды.
Осындай игі шаралар болашақ ұрпақтың дені сау, білімді, жан-жақты болып қалыптасуына өз үлесін қосады.
