Қымбатты бүлдіршіндеріміз, біздің кішкентай ботақандарымыз!

Балабақшамен қоштасуға небәрі екі ай қалды…

Сендермен бірге өткізген әр күніміз — қуанышқа, шаттыққа, шынайы күлкіге толы болды. Әрқайсыларың жүрегімізден ерекше орын алдыңдар

Алда сендерді үлкен өмірдің жаңа баспалдағы — мектеп күтіп тұр. Біз сендерге тек сәттілік, білімге құштарлық, биік армандар тілейміз! Әрқашан алғыр, тәрбиелі, мейірімді болып өсіңдер.

Біз сендерді мақтан тұтамыз және әрдайым сағынышпен еске аламыз…

Сендер — біздің ең жарқын естелігіміз